Әйелін заң алдындағы жауапкершіліктен арашаламақ болған азаматтың үстінен іс қозғалды

183

Шымкентте әйелін әкімшілік жауапкершіліктен пара беріп құтқарып қалмақ болған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 12 наурыз күні​ Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының учаскелік бекетінде орын алған.

Полиция аға лейтенанты Түркеев Нұржан Қайратұлына жергілікті тұрғын 10 мың теңге ауызбастырық бермекші болған. Еш жерде жұмыс істемейтін жұмыссыз азаматтың әйеліне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449 бабы «қоғамдық орындарда тиісу» бойынша айып тағылған. Бірақ полиция аға лейтенанты Нұржан Қайратұлы ұсынылған сыйақыдан бас тартқан.

Әйелін заң алдындағы жауапкершіліктен арашаламақ болған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

«Пара беру жәйті бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР ҚК – нің 367 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп, тексер жұмыстары жүргізілуде «- деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.