Аспаннан гүл жауған күн

409

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мақтаарал ауданының мәдениет үйлерінде, мектептерде, балабақшаларда т.б. мемлекеттік және жекеменшік мекемелерде жаппай мерекелік іс-шаралар өтті. Сондай-ақ, аудан орталығы Мырзакент кентіндегі «Күнтуған» тойханасында және Атакент кентіндегі «Алтын шаңырақ» салтанат сарайында аудан әкімі Бақыт Асановтың ақ дастарханы жайылып, мереке иелеріне үлкен құрмет көрсетілді.

Мырзакент кентіндегі «Ақ алтын» мәдениет үйінде өткен салтанатты кешке аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерді айтулы мерекемен құттықтады. Жиында белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстарды ерекше ынта-ықыласымен атқарып жүрген және жастарды тәрибелеуде озық үлгі көрсетіп жүрген әйелдер қауымына аудан әкімінің құттықтау хаты табысталып, сый-сияпаттар берілді. Сондай-ақ, салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.

Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары аудан орталығындағы халық көп шоғырланған көшелерді аралап, мереке иелеріне гүл шоқтарын табыстады. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен іс-шара мақталы өлкенің нәзік жанды тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлады.

Бейсенбай Тасболатұлы «Күнтуған» тойханасындағы аудан әкімінің ақ дастарханы жайылған думанды іс-шараның да басы-қасынан табылды. Сонымен қатар, ауылдық округтерді аралап, кейуаналарымызды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап шықты. Б.Төребеков аналарымызға әлеуметтік көмектердің уақытылы берілуін және олардың денсаулықтарын тұрақты түрде бақылап тұру үшін ауылдық округтердің әкімдеріне арнайы тапсырма берді.

Айта кетейік, мұндай іс-шаралар Атакент кентінде де жалғасын тапты. Кенттегі «Достық» мәдениет үйіндегі салтанатты жиынға және «Алтын шаңырақ» салатанат сарайында өткен аудан әкімінің мерекелік дастарханына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов ардақты аналар мен аяулы қыз келіншектерге құттықтауын арнап, құрмет көрсетті.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі