Күнгейлік команда келесі айналымға өтті

178

Еліміздің футбол тарихында алғаш рет екінші лиганың командасы Қазақстан Кубогы үшін жарыстың топтық кезеңінен шыға алды. «Ақсу» футболшылары енді Премьер – лига аяқдопшыларымен кездеседі.

Топтық кезеңде екі ойын өткізген павлодарлық команда үш ұпай жинай алған. Ал оңтүстіктің атынан шыққан төрт команданың арасынан біреуі ғана келесі айналымға өтті. «Қыран», «Мақтаарал» және «Арыс» футболшылары бұл жарыстан шет қалды.

Ел Кубогы үшін таластың соңғы күні Шымкентте жаңбырлы болды. Қырандықтар бұл күні «Ақсумен» кездесіп, павлодарлық қонақтарға келесі айналымға жолдаманы сыйға тартты деуге болады. Алғашқы ойынды 3:1 есебімен аяқтаған түркістандықтар бұл жолы өз қақпасына үш гол соға алды.

Бүгін Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) штаб-пәтерінде ел кубогының 2019 жылғы маусымының 1/8 финал жеребесі тартылды. «Ордабасы» футболшылары «Оқжетпеспен» кездеседі. Ал, «Оңтүстік академия» қызылордалық «Қайсардан» басым болуға тырысады.