Макадаме жаңғағын заңсыз алып өтпек болған ресейлік ұсталды

127

«Оңтүстік» өңірлік басқармасының «Б. Қонысбаев-авто»,  «Қапланбек-авто», «Жетісай-авто» бөлімшелерінде ел аумағынан 700 литрге жуық жанар-жағармай өнімдерін (дизель отынын) заңсыз шығарудың алдын алды.

Өзбекстанға қарай барлығы 367 атау, әйелдерге арналған «Баттел» фирмасының косметикалық заттарын алып өтпек болған 1971 жылғы Тәжікстан азаматын ұстады.

«Бейнеу» шекара отрядының «Тәжен-авто» бөлімшесінде 1981 жылғы Өзбекстан азаматынан біздің елден заңсыз алып шықпақ болған 17 жарым литр «Jack Daniels» вискиін, «Қордай» шекара отрядының «Қордай-авто» бөлімшесінде 1980 жылғы қырғыз азаматынан 16 литр «Кыргыз ХО» коньягын тауып, актілеп Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлеріне тапсырды.

Қордайлық шекарашылардың «Сайған» атты иті 28 жастағы қырғыз азаматынан гашиш есірткісін тапты. «Солтүстік» өңірлік басқармасының «Қызылжар-авто» бөлімшесінде Ресейге қарай жекеменшік «Тойота» автокөлігімен кетіп бара жатқан 43 жастағы қазақстандықтың көлігінен аңшы мылтығының оқ-дәрілерін тапты.

Ақтөбе шекара отрядының «Жайсаң-авто» бөлімшесінде біздің елден Ресейге қарай «Дэу» автокөлігімен өтіп бара жатқан Өзбекстан азаматынан 70 дана шырша талдарын тауып, Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырды. Дәл осы бөлімшеде бүгін түнде, сағат 01.35-тер шамасында Ресейге қарай жалпы салмағы 1 тонна 600 кг қияр (жалпы құны – шамамен 200 000 теңге) алып өтпек болған екі қазақстандық, 36 000 400 теңгенің (13 тонна) грек жаңғақтарын,  32 000 035 теңгенің (6 407 кг) макадаме жаңғағын заңсыз алып өтпек болған ресейлік ұсталды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі