«Nur-Sultan–Қазақстан!» — студенттер де қолдайды

265

2019 жылдың 26-шы наурыз күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы мен студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін ұлықтау мақсатындағы Астана қаласының Nur-Sultan деп өзгертілуі туралы шешімін қолдауға бағытталған жиын өткізді.

Бұл іс-шараға университеттің басшылары, Жоғары мектеп және факультет декандары, кафедра меңгерушілері, ардагер ұстаздар, ғалымдар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Іс-шара жастардың Nur-Sultan–Қазақстан! Nur-Sultan–Қазақстан! Nur-Sultan–Қазақстан! — деген ұранды сөздерімен аяқталды.

#AuezovUniversity
#AuezovJastary
#елбасыменбірге