Полицейлер жоғалған балабақша бүлдіршіндерін тапты

251

Шымкенттік полицейлер жоғалған екі бүлдіршінді тез арада тауып, ата-анасына табыстады.

2019 жылғы 19 наурызында Шымкент қаласы ПД Жол-патрульдік полиция полкінің 883 экипаж қызметкерлері полиция капитаны Азизов Бақытжан, полиция аға сержанты Нарбаев Азамат, полиция кіші сержанты Есалиев Ерсұлтан және полиция кіші сержанты Мейірханов Нұрсұлтан Шымкент қаласындағы бала-бақшалардың бірінде жоғалған екі бүлдіршінді тез арада тауып, ата-анасы мен тәрбиешілеріне табыстады.

Полиция қызметкерлеріне риза болған екі бүлдіршіннің ата-анасы мен бала-бақша тәрбиешілері алғыстарын айтты.