Шымкенттің өз Конгресс орталығы болады

333

Ел Премьер-министрі Асқар Мәмин Шымкентке жасаған сапарында «Конгресс орталық» құрылысымен танысты. Бүгінде миллионды мегаполисте жалпы ауданы 14550 шаршы метрді құрайтын 2300 орындық залы бар орталық жобасы іске асырылуда.

Жобаға «BI group» құрылыс компаниясы жұмылдырылған. Жоба құны 10,2 млрд. теңгені құрайды. Айта кетейік, нысан 2 қабаттан тұрады, 2020 жылдың басында пайдалануға беріледі.

Осы аумақта бой көтеретін тұрғын үйлер мен ауқымды демалыс аймағы – саябақтың эскиздік идеясымен, жоспарымен танысты. Бұл орындар жергілікті тұрғындармен қатар шетелдік туристерді тарту орталығы болмақ.

Мақпал Рысбаева