Судьялар саябаққа 200 ағаш көшетін екті

305

Бүгін Түркістан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков бастаған облыстық соттың және Түркістан қаласында орналасқан соттардың ұжымдары киелі шаһардың орталығында орналасқан «Жеңіс» саябағында ағаш көшеттерін отырғызып, сенбілік ұйымдастырды.

Судьялар мен мамандардың атсалысуымен саябақ аумағында 200 ағаш көшеттері егілді.

Сот қызметкерлері көшеттердің саялы баққа айналып, қоршаған ортаға және қала тұрғындарының денсаулығына пайдасын тигізеріне сенімді.