Úı ANONS 1 күнде 20 мың көшет отырғызылды

1 күнде 20 мың көшет отырғызылды

Түркістан облысында ауқымды экологиялық акция өтті. Бір күнде 20 мың түп көшет отырғызылып, 350 тонна қоқыс шығарылды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараға 200 мыңнан астам адам қатысқан. Жастардың белсенділігі, қорық аумағындағы қарқынды жұмыс және табиғатты қорғауға бағытталған бастама туралы толығырақ алдағы сюжетте айтамыз.

 

Түркістанда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарлама аясында кезекті шара өтті. 20 мың түп көшет отырғызылды. Мақсат — аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желекті көбейту және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру. Акцияға  облыс әкімі Нұралхан Көшеров те қатысты.

 

Акция Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында өтті. Оған  230 мың адам қатысқан. 17 мың гектар жер тазартылған.  Экологиялық маңызы бар шарада жастар белсенділік танытты.

 

Іс-шараға 340 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 350 тонна қоқыс шығарылған. Айта кетейік, 1926 жылы құрылған «Ақсу-Жабағылы» қорығы – еліміздегі тұңғыш табиғи қорық. Қорық аумағы 131 мың гектардан асады және Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттерімен шекаралас орналасқан.

Дилара Иса