Түркістанда “Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу” білім беру ресурстық орталығы ашылды

619

Ашылу салтанатына БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілі Юрий Оксамитный, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және облыстың медициналық қоғамдастығы қатысты.

Оқу орталығы ЮНИСЕФ пен Түркістан облысы әкімдігінің қаржылық және техникалық қолдауымен құрылды. Орталықтың мақсаты – БМСК (Бастапқы медициналық-санитариялық көмек) қызметтерінің сапасын арттыру және қол жеткізу үшін Түркістан облысының дәрігерлері, медбикелері мен әлеуметтік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Орталық – аяғы ауыр әйелдер мен кішкентай балалары бар отбасылар үшін әмбебап-озық үлгідегі кешенді қызмет көрсете алатын патронажды медбикелерді дайындап шығаратын болады. Сондай- ақ, жыл сайын мыңдаған патронажды медбилекелерге, дәрігерлерге, әлеуметтік қызметкерлерге, сондай-ақ психологтарға балалардың толыққанды дамуы жайлы ата-аналарды ақпараттандыруға қажетті біліммен қамтамасыз етпек.

Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы БМСК патронаждық қызметінің әмбебап прогрессивті моделін балалардың денсаулығы, дамуы мен әл-ауқатының көрсеткіштерін жақсартудың тиімді жүйесі ретінде енгізуді көздейді.

Бұл модель ДДҰ мен ЮНИСЕФ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасының қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін медициналық-әлеуметтік бағыттағы үлгі ретінде ұсынылған:

Қысқа және ұзақ мерзімді мерзімде патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделін табысты енгізу кезінде балалар, отбасы және ата-аналар мен қоғам тарапынан оң нәтижелер күтуге болады.

Балалар тарапынан:

Дене салмағының аз болуы, ерте босану, туа біткен даму кемістіктері, тамақтану мен өсуді жақсарту, ауру мен өлімді төмендету, иммундау көрсеткіштерін жақсарту, когнитивті және әлеуметтік дамуды жақсарту, жарақаттану деңгейін төмендету, мүгедектік ауыртпалығын төмендету және балалардан бас тарту және қатыгез қарым-қатынас жағдайларын қысқарту сияқты неонаталдық көрсеткіштерді жақсарту

Отбасы және ата-аналар тарапынан:

Босанғанға дейінгі күтімді жақсарту және акушерлік асқынулардың алдын алу, балалар тамағы бойынша ата-ана білімі мен дағдыларын жақсарту (емшекпен тамақтандыру және тістеу), медициналық көмекке жүгіну көрсеткіштерін жақсарту, инфекциялық аурулардың алдын алу туралы ата-аналардың хабардар болуын жақсарту, баланы дамыту бойынша тәжірибе туралы бауыр басу және ата-ана білімін жақсарту, қауіпсіз үй ортасы, мүмкіндігі шектеулі балалармен отбасыларды қолдауды жақсарту, ата-ана күйзелісін азайту

Қоғам тарапынан:

Медициналық қызмет көрсетуге арналған шығыстарды төмендету, мектепке дайындығын, үлгерім деңгейін және даму көрсеткіштерін жақсарту, вакцинаны басқарылатын аурулармен емдеуге арналған шығындарды төмендету, емдеуге жатқызуға байланысты денсаулық сақтау шығындарын төмендету, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, қатыгез қараудан зардап шеккен балаларды күтуге арналған шығындарды, қылмыспен және нашақорлықпен күреске байланысты шығындарды төмендету