Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық ауруханасы “Біз туберкулезге қарсымыз” атты ашық есік күнін өткізді. Жергілікті тұрғындар жылжымалы медициналық бекеттерде тексеруден өтіп, дәрігер кеңесін алды.
Елімізде туберкулездің алдын алу, диагностика және емдеу тегін жүргізіледі. Бүгінгі таңда Қазақстанда туберкулезді емдеу үшін әлемде қолданылатын барлық туберкулезге қарсы препараттар қол жетімді. Бұдан басқа, туберкулезді ерте анықтау үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және туберкулездің бар-жоғын және екі сағат ішінде туберкулездің дәріге төзімділігін анықтауға мүмкіндік беретін диагностиканың ең заманауи әдістері енгізілді.
24 ақпаны мен 24 наурызы аралығында Қазақстанда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу бойынша айлық өтуде. Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні 24 наурыз күні атап өтіледі.