Төтенше жағдайлар департаментінің сүйкімді қыз-келіншектері!
Жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі – 8 — НАУРЫЗ ортамызда!
Осы мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары, адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары, сүйкімді қылығымен сағындырған, қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған, әсем көркімен, жүрегінің өртімен небір дана мен данышпандарды табындырған аяулы да асыл қыздар, сүйкімді келіншектер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын! Әрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар! Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар, дәулет, береке, байлық ауылына қоңсы қоныңыздар. Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
Ізгі ниетпен,
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті
ұжымының ер азаматтары