Жалақыны уақытылы бермегені үшін қылмыстық іс қозғалды

227
ordanews

Шымкентте жұмысшылардың жалақысын бірнеше рет кешіктірген мекеме басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Саудинвест» ЖШС-нің басшысы қызметкерлерінің жалақысын басқа мақсаттарға жұмсап, жұмысшылардың еңбекақысын аузынан жырып келген.

Сол үшін де оның үстінен ҚР ҚК — нің 152 бабы, 3-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, Әл Фараби аудандық полиция басқармасында тергелуде. Сондай — ақ, «Шымкентхиммонтаж» ЖШС 365 қызметкеріне 66 млн. теңге жалақысын бермей келген.

Шымкент қалалық прокуратурасы мен Мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп жүргізген жұмыс нәтижесінде аталған кәсіпорынның 365 қызметкері ұзақ уақыт күткен маңдай теріне қол жеткізген.

«Жыл басынан бері Шымкенттегі 6 кәсіпорында 2017 жылдан бері 816 қызметкердің 117 млн. теңге жалақысы төленді. Банкроттық сараптама жұмыстарының нәтижесінде, прокурорлармен анықталған «Нарде» ЖШС-нің бірқатар мүлктері аукцион арқылы заңды тұлғаға сатылып, алынған түсім 37 жұмыскердің алдындағы 4,6 млн. теңге жалақы қарызын өтеуге жұмсалды»-деп хабарлайды Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.