Жанармай тарихта болмаған бағада босатылуда

322

Әдетте егін басталғанда шарықтайтын жанар-жағармай бағасы биыл өз қалпын сақтайды. Бұл жөнінде қауымдастық төрағасы мәлімдеуде. Тіпті өңір мен қаладағы жанармай құны тарихта болмаған теңгеде сатылып жатыр дейді Қайыпбек Қамбаров.

Айта кетейік, мұның барлығына еліміздегі 3 бірдей зауыттың жұмысын жүйелі түрде жүргізе бастағаны себеп екен. Ал халық көңілінен көрсетілген сандар қаншалықты шығуда?

Елімізде дизиль отыны мен жанар-жағармай өндірісі 30 пайызға көбейген. Сондықтан да жанармайдың ең жоғарғы бағасы -150 теңгеден сатылуда. Бұл осыдан 2-3 жылғы құнмен салыстырғанда төмен дейді мамандар. Айтуларынша, жақын аралықта бұл сандардың өзгеруі екіталай.

Қайыпбек Қамбаров, жанар-жағармай қауымдастық төрағасы: «Экспортқа рұқсат берілді. Бір жағынан дұрыс нәрсе. Бағаның түсуіне бензиннің көптігі әсер етіп отыр. Зауыт цехтары осыған байланысты тоқтап, қайта жұмыс істеп сондай процестер болды. Сондықтан біздің экономикамызға келетін пайдасы көп. Валюта түседі. Осы уақытқа дейін мемлекетке мұндай пайда келмеген».

Әдетте егін науқаны басталғанда шарықтайтын дизель отыны да халыққа қолжетімді күйде қала бермек. Айта кетейік, осы айдың өзінде Шымкент пен Түркістан облысына 40 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Еліміз бойынша қазір 3 бірдей зауыт жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Атап айтсақ, Шымкент, Атырау және Павлодар қалаларында. Енді осында өндірілген Қазақстан өнімдері шетел асқалы отыр. Келесі айдан бастап, Өзбекстан, Қырғызстан қала берді Иран мен Ауғанстанды да қамтуы мүмкін.

Назерке Үкібасова