Өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер азаматты тергеуші құтқарып қалды

418

2 сәуірге қараған түні шамамен сағат 1:30-да Қазығұрт АПБ-нің полиция аға лейтенанты, аға тергеуші Серік Түймебаевтың үйіне көршісі күйеуім асылып қалды деп айқайлап жүгіріп келеді.

Полиция қызметкері уақыт жоғалтпай шұғыл әрекет ету арқылы жіптен ер азаматты босатып алып, жедел жәрдем көлігі келемін дегенше алғашқы көмегін көрсетеді. Содан кейін тергеуші АПБ-нің кезекші бөліміне хабарлайды.

Қазіргі таңда ер азамат ауруханада, жағдайы қанағаттанарлық. Өз кезегінде полицейлер ер азаматтың суицидке баруының себептерін анықтауда.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі