«Ақ Жол» сайлауға кандидат етіп әйел адамды шығармақ

127
фото zakon.kz

Қазақстанда президенттікке үміткер атанатын ең алғашқы әйел адам – Дәния Еспаева. ҚР Президенттігіне үміткер атанатын ең алғашқы әйел «Ақ жол» партиясының өкілі, мәжіліс депутаты Дәния Еспаева болмақ. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Еспаева Дәния Мадиқызы 1961 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Тұрмыс құрған, екі баласы бар.

Алматы есеп-кредит техникумын бітірген (1982), Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген, Алматы қ-сы, (1993) (мамандығы «Экономист»).

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі (08.2008, 2012-2016 қайта сайланды), «Ақ Жол» партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат (05.02.2016), «Ақ Жол» партиясынан VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі (24.03.2016 бастап).

«Құрмет» ордені (2011); Медальдары: ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, «Үздік қаржыгер».