Автобөлшек ұрлағандар ұсталды

167

Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне 2019 жылдың ақпанында оның жүк көлігінен белгісіз біреулердің автобөлшектерін ұрлағандығы туралы жергілікті тұрғыннан хабар түсті. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі жарты миллион теңгені құрады.

Аталған жайт, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Осындай ұрлыққа байланысты өтінішпен полиция бөліміне Сайрам ауданының бірнеше тұрғынынан хабар түсті. Қылмысты ашып және күдіктіні ұстау мақсатында полиция басқармасында жедел тергеп-тексеру тобы құрылды. Полицейлер барлық қажетті шұғыл іс-шараларды жасады, оның ішінде аулалаларды тінту, куәгерлерден жауап алу және басқа шараларды атқарды.

Сайрам аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғындардан 4 күдіктіні қолға түсірді. Анықталғандай, жас жігіттер тек автобөлшектер ұрлауды кәсіп қылмай, елді-мекен тұрғындарының үйіне түсуге де әдеттенген.
Мысалы, бір жәбірленушінің ауласынан ондаған литр жағармай ұрласа, келесі біреудің үйінен құрылыс арматурасын жымқырған. Қазіргі таңда тергеп-тексеру нәтижесінде қолға түскендердің миллион теңгеге жуық өзгенің мүлкін ұрлауға қатыстылығы айқындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі