«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша қабылданған өтінімдердің сомасы 200 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды «Баспана» ипотекалық ұйымы. Мақұлданған қарыздар сомасы 115 млрд. теңгеге жақындады.
Сәуірдің ортасында Баспананың әріптес банктері ипотекалық несиелерді мақұлдау мен берудің ең жоғарғы қарқынын көрсетті. Өткен аптада 8,3 млрд теңге сомасына қарыздар мақұлданды, демек бір жұмыс күнінде 1,7 млрд теңге берілді деуге болады. Оның ішінде, 5,2 млрд теңге – Баспана Хит бойынша, 3,1 млрд теңге – 7-20-25 бойынша мақұлданды. Ипотекалық кредит берудегі негізгі жұмысты ЦентрКредит Банкі, Сбербанк пен Халық Банк атқарған.
«Баспана Хит» бағдарламасының жетістігі қолданыста болған үйлердің көптігі мен бағдарламаның өте жеңіл талаптарына байланысты деп ойлаймын. Бұл ретте бастапқы жаңа тұрғын үй бойынша да құрылыс секторы тарапынан жағымды хабарлар келіп түсуде. Құрылыс салушылар ірі қалаларда да, өңірлерде де тұрғын үй құрылысының белсенді кезеңіне кірді. Бұл жақын арада «7-20-25» бағдарламасы үшін тұрғын үйдің жеткілікті санын қамтамасыз ететін болады», — деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.
Қазіргі кезде «7-20-25» бағдарламасы бойынша мақұлданған кредиттер сомасы 85 млрд теңгеге жақындап келеді. Ал «Баспана Хит» өз кезегінде аз уақыттың ішінде 30 млрд теңге межесінен асып түсті.