Қазығұрт ауданында табиғи газ торабына қайта қосу жұмыстары жүргізілуде

307

Қазығұрт ауданында көгілдір отынсыз қалған 23 елдімекенді табиғи газ торабына қайта қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұрғылау барысында жер асты магистралды құбырын зақымдап алған мердігерлер қажетті құрылыс материалын жеткізіпті.

Газ шаруашылығының мамандары ақау орын алған бөлікті кесіп алып, құбырларды қайта жалғады. Қазір құбырды сығымдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол аяқталған тұста табиғи газ 23 елдімекендегі 2 800 – дей абонент және де өндіріс орындары мен коммуналдық мекемелерге беріле басталады деп хабарлады Қазығұрт ауданы әкімдігі.

Еске салайық, 28 сәуірде «Энерджи сервис» компаниясы газбен жабдықтау ұйымының келісімінсіз жер қазу жұмыстарын жүргізіп, салдарынан диаметрі 400 мм жоғары қысымды жерасты газ құбыры бүлінген болатын.

Шынар Оразова