Әлеуметтік жағдайы төмен саудагерлерге 50 пайыздық жеңілдікпен базардан орындар беріледі

164

Шымкент қаласы аумағында белгіленген жерлерден тыс орындарындағы сауданы жою жұмыстарының 2019 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп,аудан аумағының көшелерінде ретсіз саудамен тұрақты айналысатын,бүгінгі күнге дейін жұмыссыз тұлғалардың тізімі анықталды.

Аталған азаматтардың басым бөлігі өздерінің сауда қызметіне бейімделгенін алға тартып,жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысудан бас тартуда. Алайда қала аумағында белгіленбеген орындарда саудамен айналысқан тұлғаларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204 және 505-баптарына сәйкес тиісті айыппұлдар салынады. Осыған орай Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қала аумағындағы базар басшыларымен бос сауда орындары және әлеуметтік жағдайы төмен саудагерлерге жеңілдетілген бағдарламалар бойынша екі жақты келісім жасады.

Атап айтқанда, Орталық қырғы базар аумағында – 100 орын, «Айна» базары аумағында–50 орын, «Автонұр» базары аумағында –91 орын, «Бекжан» базары аумағында – 2000 орын. Аталған базарларда жан-жақты жеңілдіктер беру қарастырылған, әлеуметтік жағдайы төмен сатушылардан алғашқы бірінші айда сауда орнына ақы алынбайды, әлеуметтік жағдайы төмен саудагерлерге 50 пайыздық жеңілдікпен орын беруге мүмкіншілік бар.