Мемлекеттік қызметтің QR-коды енді ХҚКО-да

581

Енді мемлекеттік қызметке кіру бойынша қажетті ақпаратты жинақтаған QR-код Шымкент қаласының ХҚКО-ларында да орналасқан.

QR-код арқылы әрбір адам мемлекеттік қызметке іріктеу кезеңдері, тестілеу ержелері мен бағдарламалары, сынамалы тестілеу және тіркеу тәсілдері туралы толық біле алады. Ол үшін Сіздің дербес смартфоныңыздың көмегімен мемлекеттік қызметтің QR-кодын сканерлеу қажет.

Департаменттің негізгі мақсаты – осы сервисті пайдалану арқылы мемлекеттік қызметке ораналасуға ниет білдірген азаматтар үшін барынша қолжетімді және мобильді құрал құру.
Жақын болашақта осы сервисті тарату ауқымын да, ондағы пайдалы ақпараттың санын да арттыру жоспарлануда.

 

QAINAR KÓZҚР Мемлекеттік қызмет істері жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылАгенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті