Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары өнер сайысында топ жарды

131

Шымкент қаласындағы ФМБ НЗМ оқушылары II «Ұлы Дала Ұрпағы» атты республикалық өнер сайысының облыстық кезеңінде топ жарды. Әдетте білім додаларында үздік атанатын ұл-қыздар, бұл жолы домбырашылар арасындағы бәйгеден бас жүлдені қанжығаларына байлады.

Мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында өткен байқауда Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Ұлы Дала мұрагерлері» ансаблі «Ерке сылқым» күйін мүдірмей орындап, 10-нан астам шымкенттік өнер ұжымын артта қалдырды. Бұл жеңіс оларға Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама сыйлады.

«Бұл біздің алғашқы байқауымыз емес. Бұған дейін де бірнеше сайысқа қатысып, жеңімпаз атанып үлгергенбіз. Десе де, осы жолы ерекше дайындықпен келдік. Оқушыларым бар білгендерін ортаға салып, күйді бір адамдай орындап шықты. Енді ресупбликалық кезеңде Шымкент қаласының намысын қорғап, жүлдегер атануды көздеп отырмыз»,-дейді ансамбль жетекшісі Дархан Серікбай.

Айту керек, «Ұлы Дала мұрагерлері» ансаблінің құрылғанына 1 жылдан енді асты. Бүгінгі таңда олардың қорджындарында 10-ға тарта күй бар.