Сайрам аудандық соты мен заңгерлер палатасы меморандумға қол қойды

604

Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының төрағасы Б.Е.Тыныбеков және «Adilet group» заң консультанттар палатасының төрағасы И. С. Жүнісов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарын сақтау, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және белсенді енгізу бойынша өзара іс-қимылды нығайту, сот ісін жүргізудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.

Іс-шараға судьялар, адвокаттар, медиаторлар, заңгерлер және БАҚ өкілдері қатысты.