Сайрамдықтар Түркістан қаласына жасыл-желек сыйлады

128

Бүгінде еліміздің әр облысы киелі шаһарға бір ғимараттан салып жатқаны белгілі. Өңіріміздегі аудандар да өз тартуларын жасауда.

Сайрамдықтар күні кеше Түркістанға өз сыйларын жасады. Шаға және Ынтымақ ауылдарының аралығына 250 павлония, 400 шынар және 500 қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін отырғызды.

Сансыз баптар мекенінен осылайша киелі шаһарға сыйға тартылған жасыл желек аз ғана уақыт аралығында көлеңкелі саялы баққа айналары сөзсіз.