Су көлігіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту қажет

263

«Су көлігінде бақылауды күшейту қажет». Шымкентте республикалық жиын өтуде. Су көлігінде бақылауды жүзеге асыратын Комитет пен оның аумақтық өкілдік қызметкерлерінің 22-ші Республикалық семинар- кеңесі жұмысын бастады.

Жиында мамандар аталған салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын талқылады. Көлік басқармасы басшысының пайымдауынша су көлігінде апатты жағдайлар өткен жылмен салыстырғанда 10 — нан 8 оқиғаға төмендеген. Алайда суға батқандардың саны 3-ке артқан. Қайғылы оқиғаға себеп болған техникалық ақаулар емес, адами фактор.

Бас қосуда су көлігіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін профилактикалық шараларды күшейту қажеттігі айтылды. Бүгінде Қазақстандағы су қоймалары, көл және Каспий, Арал теңіздерінде 700-ден астам дана катерлер мен қайықтар, ірі салмақты теңіз кемелері пайдаланылады.

Екінші күні семинарға қатысушылар Көлкент өзеніндегі шағын өлшемді кемелерді қолданыстағы Заңға сәйкес пайдаланылуын бақылап қайтады.

Шынар Оразова