Вице-министр ауруханаларды аралап шықты

954

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева іссапармен Түркістан   облысының медициналық мекемелерінің жұмысымен жіті танысуда. ДСМ-нің Вице-министрі Лязат Мейрашқызы Медициналық сақтандыру басқармасының басшысы Айбатыр Жұмағұлов, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевпен бірге Облыстық клиникалық аурухананы аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты. Мәртебелі қонақтар аурухананың жұмысына, техникалық жабдықталуы мен ақ халаттылардың біліктілігіне жоғары баға берді. Вице- министр облыстың бас дәрігері Мұқан Егізбаевтың өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуда зор үлес қосып келе жатқанын алға тартып, еңбегін жоғары бағалады.

Жұмысшы топ құрамында келген ҚР Денсаулық сақтау вице – министрлігі Ляззат Ақтаева және Медициналық сақтандыру басқармасының басшысы Айбатыр Жұмағұлов екі күнде Түркістан облысының бірқатар медициналық нысандарын аралады. Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мұқан Егізбаев бірнеше аурухана, емхана және перзентханаларды аралап шығып, ондағы жағдаймен таныстырды.