Жаныс баба ұрпақтары ата-баба рухына тағзым етті

853

Игі бастаманы бұл жолы жаныстан тараған Шегір ұрпақтары жалғастырды. Қазақстанның ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірін жайлаған ұлағатты әулеттің перзенттері Қазығұрт төріне жиналып, дүйім жұртқа ас берді.

Шегірдің 400 – дей шаңырағы бабаға тағзым ету үшін Қазығұрт тауынының бөктерінде жиналды. Текті әулеттің бұл мекенде басқосуы тегін емес. Бұл жерде Шегір тұқымының ұлағатты ұрпақтары жерленген. Жиналған қауым олардың рухына құран бағыштап, дұға етті.

Қадырбек Момбаев: «Өткенсіз болашақ болмайды. Сол үшін өткенді құрметтеп, бабаларымызды ұрпақтарының ішінде танымайтындарымен танысып, олардың жақсылығына қуанып, қиындығында жанынан табылу. Мақсат – сол. Байқап отырсаңыз, біреу Алматыдан, біреу басқа қаладан, әр тараптан келіп отыр».

Шегір— шежіре бойынша Ұлы жүз Жаныстан тарайды. Шегірден Аманта, Маңлай, Әлібек, Дүкен, Серке, Айт, Қарқара, Жиенқұл, Байсақал сынды 9 ұрпақ өрбіген. Дүйім әулет көбіне Дәуіттің ұлы Шыңғысбай қажының ерен еңбегін ұлықтауды ұмытқан емес. Қаланың көне бөлігінде19-шы ғасырда салдырған мешітінің орны әлі күнге бар.

Әділбай Тойшиев, саяси қуғын — сүргін құрбандары атындағы мешіттің бас имамы: «Кеңес үкіметі кезеңінде ол жер әскери горнизон болған. Милициялардың отырған орны, қойма болған дейді. Кейіннен бұл кісінің немерелері, шөберелері ол кісі туралы ақпаратты архивтен тауып алып, ол мешіттің атауын қайтарды».

Шегір ұрпақтарының басқосуы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Бүгінде өрісі кеңге жайылған ұрпақтың көбі осы Төлеби ауданы Абай ауылында тамыр жайған.

Айя Мүтәлі