Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй отставкаға кететінін хабарлады

113
фото inform.kz

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 7 маусымда Консервативті партияның көшбасшысы қызметінен кетеді. Бұл жайлы ол жұма күнгі консерваторлар комитеті басшысымен кездесуден кейін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7 маусымнан бастап Консерватитвті партияның көшбасшысы қызметінен кететінімді хабарлаймын», – деді ол журналистерге берген сұхбатында. Британ премьері Brexit-ті дамыту жолында қолынан келгеннің бәрін істегенін айтты. «Мен парламент мүшелерін бұл келісімді қолдауға көндіру үшін бәрін жасадым, – деді ол. – Өкінішке қарай, қолымнан келмеді».