Úı Jańalyqtar Конор Макгрегор қазақ баласына таңғалды

Конор Макгрегор қазақ баласына таңғалды

Ирландиялық танымал спортшы Конор Макгрегор қазақтың баласына таңданысын жасырмады.

UFC спортшысы Instagram парақшасында өзінің жүрісін қайталаған кішкентай баланың видеосын жүктеді, деп жазады prosports.kz. «Құдайым-ай! Бұл бала миллиардқа татиды», — деп жазды Конор Макгрегор.

Мұның алдында да күрестен өткен турнирде кішкентай бала дәл осы спортшының жүрісін қайталаған болатын. Алайда оны Конор көрмеген болуы керек.