Мерекелерге байланысты күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданды

133

Мереке күндеріне байланысты Ішкі істер министрлігі күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады. 6-12 мамыр аралығында ішкі істер органдарының бүкіл жеке құрамы күшейтілген қызмет тәртібіне көшірілді. Қоғамдық орындар мен көшелерде жасақшылар қатары көбейтілді. Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар мен тұрғындардың көңіл көтеруіне арналған орындарға ерекше көңіл бөлінеді.

Еліміздің қалаларында өтетін «Мәңгілік Даңқ-Бессмертный полк» шеруіне байланысты полиция қызметкерлерімен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы шаралары іске асырылатын болады.

ҚР ІІМ шеру кезінде жолдағы кептелістер мен апаттарды болдырмау мақсатында, жол қозғалысының қатысушыларына транспорттарының жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап қоюларын сұранады.

Сол уақытта, тәртіпті бұзудың барлық жәйттері, сондай-ақ, шеруді бұзуға арналған қандай-да бір іс-әрекеттері, мәдени-бұқаралық іс-шаралар қатысушыларына ыңғайсыздық тудыратын болса, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес полицейлер тарапынан шұғыл әрекет ету шаралары қолданылатындығын хабарлаймыз.