Стамбұлдан ұшып келген азаматтан 82 млн. теңгенің алтыны тәркіленді

229
фото Kabar.kg

Мемлекеттік қазынаға 10 келі алтын! Шымкентте Стамбұл қаласынан ұшып келген 1986 жылғы ҚР азаматы ұсталды. Тексеру барысында қол сөмкесінде 82 млн. теңгені құрайтын зергерлік бұйымдар табылған.

Аталған дерек бойынша азамат Асхат Устаевқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 234 бабы «Экономикалық контрабанда» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Тергеу барысында, алтын бұйымдарды Тараз, Алматы, Нұр-Сұлтан қаларына өткізуді көздеген.

Асхат Устаев кінәлі деп табылып, тәркіленген 10 келі алтын мемлекет есебіне тәркілеу жазасы тағайындалды.

Ғалымжан Кенжебек