Сауран ауданының полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысты қылмыс жасаған жігітті анықтады. Белгілі болғандай, күдікті жігіт жәбірленушінің немересі болып шықты. Яғни, жігіт үйде ешкім жоқ сәтті пайдаланып, түскі уақытта жатын бөлмедегі сейфті бұзып, ішінен 3 миллионға жуық ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған.
Жалпы шығын 7 миллион теңгеге жуық. Күдікті ұрлаған бұйымдарды алтын сататын дүкендердің біріне өткізіп жіберген. Тергеушілер қажетті заңды шаралардың барлығын атқарып, істі дәлелдеп, сотқа жолдады.







