Төлебилік түлектер көпбалалы анаға пәтер сыйлады

201

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы №2 Ш.Уәлиханов атындағы мектебін 1999 жылы бітірген түлектер Қасиетті рамазан айында қайырымды іс жасап, көпбалалы анаға баспана әперді.

Түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай жиналып, ортақ күш-жігермен ауыз ашар ұйымдастырған.Оған барлық мұғалімдері мен ата-аналарын шақырып, сол жерде көпбалалы анаға бір бөлмелі пәтердің кілті мен балаларына сыйлықтар табыстады.

Бұл қайырымды істі мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына арналған мерейтойда сән-салтанат орнына өзгелерге үлгі болып, осындай халық санын көбейтіп отырған отбасыларға қолдау болсын деген ниетпен жасаған.

Күйеуі 2018 жылы марқұм болған Айжанның үлкен қызы 13 те, ал ең кішкентай ұлы 11 айлық. Жалдамалы пәтерде бес қыз, бір ұлымен күнелтіп келген Қалтұрсынова Айнұр жанға жайлы пәтер сыйлаған түлектерге рахмет айтуда.

Айта кетейік, бұндай игі істер ауданымызда дәстүрге айналып келеді және Төлеби ауданының әкімдігі азаматтардың қайырымдылық бастамаларын барынша қолдайды.