Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Мухачевты құттықтады. Зұлмат соғысты бастан өткерген ардагер Сталинград түбіндегі соғысқа қатысқан.
Сондай-ақ, Мәскеу үшін шайқастарды бастан кешіріп, кейін Карел-Фин майданына жіберілген. Василий Афанасьевич ұл-қыз өсіріп, немере тәрбилеп отырған 97 жастағы Перм облсының тумасы. Ғасырға жуық өмір сүрген ардагер төсек тартып жатып қалған. Алайда, қиыны мен қызықшылығы мол өмір сүргеніне еш өкінбейді.
Ғалымжан Кенжебек