Úı Jańalyqtar Төтеншеліктер 97 жастағы ардагерді құттықтады

Төтеншеліктер 97 жастағы ардагерді құттықтады

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Мухачевты құттықтады. Зұлмат соғысты бастан өткерген ардагер Сталинград түбіндегі соғысқа қатысқан.

Сондай-ақ, Мәскеу үшін шайқастарды бастан кешіріп, кейін Карел-Фин майданына жіберілген. Василий Афанасьевич ұл-қыз өсіріп, немере тәрбилеп отырған 97 жастағы Перм облсының тумасы. Ғасырға жуық өмір сүрген ардагер төсек тартып жатып қалған. Алайда, қиыны мен қызықшылығы мол өмір сүргеніне еш өкінбейді.

Ғалымжан Кенжебек