Жеңімпазға – 1 000 000 теңге!

151

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылатын Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІ «Рухани қазына» фестивалінің жабылу салтанаты өтеді.

Жабылу салтанаты барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында екінші мәрте өткізілген фестиваль шеңберінде отандық үздік кітапханалар мен музей ұйымдары мен қызметкерлері байқауының жеңімпаздары белгілі болады.

Еліміздің түрлі деңгейдегі (үздік облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар) үздік деп танылған музейлері мен кітапханаларына, сондай-ақ олардың үздік деп танылған қызметкерлеріне ГРАН-ПРИ 1 000 000 (бір миллион) теңге табысталады!