Ақша айырбастау орнына ұрлыққа түскен күдіктілер құрықталды

220

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында түнгі уақытта белгісіз біреулер жұмыс орнына, яғни ақша айырбастау орнының артқы есігін бұзып кіріп, ішіне заңсыз кіріп, қорапшаға салынған жалпы соммасы 3 миллионға жуық теңге-ақшаларын жасырын ұрлап, өзіне ірі мөлшердегі материалдық шығын келтіріп, оқиға орнынан бой тасалағанын көрсетеді.

Жәбірленушінің арызы негізінде аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Сарыағаш аудандық полицейлері күдіктілерді іздестіріп, қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында барлық қажетті шараларды іске қосты.

Кәсіби шеберліктері мен қырағылықтарының және қолда бар шұғыл ақпарат көздерімен, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бір күн ішінде аталған ауыр қылмысқа күдіктілер анықталды. Ұсталған екі күдіктіде жергілікті тұрғындар болып шықты. Тергеу барысында, күдіктілер өздерінің кінәларын толық мойындап, айғақты зат ретінде олардан 250 000-нан астам ақша алынып, іске дәлелдеме ретінде тіркелді.

Ал, ұрлық жасап, қылмыскер атанған азаматтардың қылмыстық әрекеті ҚР ҚК-нің 188-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықпен сараланды. Күдіктілерге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылып, іс Сарыағаш аудандық сотына жолданды.

Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі