Алаяқтың арбауы: субсидия

163

Келес ауданының тәртіп сақшылары мемлекеттік субсидия мен зейнетақы алуға байланысты бірнеше алаяқтықты ашты. Аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйелден, оның бір танысы мемлекеттік субсидия алып беремін деп, өзі және оның туыстарының сеніміне кіру арқылы ақшаларын алдап алғандығы туралы арызданады.

Аталған жайт Келес АПБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша бірыңғ,ай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру шараларының барысында Шымкент қаласының тұрғын әйелін күдікті ретінде ұстады. Тергеу оның осындай алаяқтықтың 20 жайтына қатыстылығын айқындады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығынның көлемі 3 миллионнан астам теңгені құрады. Күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы айқындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Келес ауданының тағы бір тұрғын әйелі құжат рәсімдеуге байланысты шағыммен келді. Жәбірленуші өз арызында мүгедектікке байланысты зейнетақы алып беремін деп 70 мың теңгесін алдап алған алаяқтың құрбаны болғанын, бірақ уәдесін орындамағандығына шағымданды.

Жедел-іздестіру шараларының барысында күдікті жергілікті тұрғын әйелді ұстады. Аталған жайт та Келес аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша жиналған алаяқтық іске байланысты материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі