Арыс қаласындағы қойма аумағында сақталған зымырандардың жойылғандығын ҚР Қорғаныс вице-министрі Бақыт Құрманбаев мәлім етті.
Жауапты тұлғаның айтуы бойынша №1 қоймаға ешқандай залал келтірілмеген. №2 қойма тек ішінара ғана зардап шеккен. Ал №3 қойманың 90 пайызы жойылған. Аталған қоймалардың аумағында оқ-дәрілер сақталған.
Бақыт Құрманбаев, ҚР Қорғаныс вице-министрі: «Бұл жерде атыс қаруынан бастап артиллериялық ұшаққа дейін болған. Қойманың аумағында және зениттік-басқарылатын «Жер-Ауа» зымырандары болған. Күні кеше жарылыс кезінде жойылды. Аталған ТБЖ бірнеше қорғау дәрежесі бар және оның жұмыс істеуі үшін бұл қорғаныс алынып тасталуы тиіс», — деп түсіндірді.
Жарылыстың қай қойма аумағынан басталып, қалай өрбігені жөніндегі сұрақтарға вице-министр жауап беруден бас тартты. Ол сондай-ақ нақты орын мен жарылыстың басталу себебі тергеуден кейін белгілі болатынын айтты. «Бүгінде осы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл сұраққа тергеу тобы жауап береді», — деді вице-министр.