Емдейміз деп елді қарызға батырған медицина орталықтары жұмысын жалғастыруда

113

Елді емдейміз деп шақырып, қарызға батыратын медицина орталықтары жұмысын жалғастыруда. Осылай деп арнамызға шағымданған қала тұрғындары олардың тек мекен – жайын өзгерткенін айтады. Ескере кететін жәйт, дәрігер атын жамылғандар бұған дейін банктен қарыз алғандарға ғана хабарласады екен.

Бұл орталық қызметіне жүгініп, ем-дом аламыз деп алданғандар. Денсаулығын қарызға емдеп береміз деп қоймай жүріп шақырған қамқор жандар соңында сан соқтырып тыныпты.

Естеріңізге салайық, бұған дейін қарапайым халықты қарызға батырған орталық басшыларының сотталғаны туралы айтқан болатынбыз. Алайда, тұрғындар алаяқтықты бастап бергендер жауапқа тартылғанымен, олардың сыбайластары әлі де құйтырқылықтарын жалғастыруда дейді.

Онсыз да емделеміз деп шығынға ұшыраған азаматтарға көңілге күдік ұялататын телефон қоңыраулары түсіп жатқан көрінеді. Тап әуелгідегідей шақыруларды естіген олар әлі де секем ал жүр.

Айта кетейік, сот бұл іске келесі айда нүкте қоюы тиіс. Жәбірленушілердің бар үміті құзырлыларда. Шығынымызды өтеп беруге көмектеседі деген үмітпен жүр.