Перзентханадағы жас аналар өз таңдауын жасап дауыс берді

84

ҚР Президентін сайлауына перзентханалардағы аналар да қатысып жатыр. Түркістан облыстық №1 перинатальды орталықта бүгін 135 әйел дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Ел тарихындағы айтулы күнде бүгін Түркістан облысы бойынша 200-ге жуық сәби туылды. Оның 100-ден астамы қыз бала.

 

 

 

 

Түркістан облысы бойынша жылына 55 мыңдай сәби дүниеге келеді. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш.

Жанар Есенбекова