Төлебилік 45 ерікті арыстықтарға көмектесуге аттанды

148

Арыс қаласында орын алған апаттан кейін Төлеби ауданында жайғастырылған Арыс қаласының тұрғындары бүгін өз шаңырақтарына оралуда.

Таңғы сағат 6:00-ден бастап Төлеби ауданының әкімдігі ұйымдастырған арнайы көліктермен жолға шыққан арыстықтар, сағат 8:00-ден бастап өз тұрғын үйлеріне кіруге мүмкіндік алды.

Айта кетейік қаладағы жарылыстан зардап шеккен үйлер жөндеуден өткізілмек. Яғни, 17 секторға бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осы орайда Қарағанды облысы мен Төлеби ауданына бөлініп берілген 5-ші секторда тұрғын үйлердің жағдайы мен шығынын есептеуді Қарағанды облысының еріктілері жүргізсе, төлебилік 45 еріктілер сектордағы аулаларды тазалау және арыстықтардың үй жайларына жайғасуға көмектесуде.

Сонымен қатар, олар тұрғындарға тоңазытқышта тұрып қалған азық-түліктерді пайдаланбауға, электр құралдарын тексеруге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Арыстықтарды таза ауыз сумен, азық-түлікпен қамту мәселесі де қаралған.

 

QAINAR KÓZТөлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі