Зейнетақы жарналары уақытылы аударылмаса сотқа арыздану қажет

156

Бүгін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдарында ашық есік күні. Әр тоқсанда өтетін бұл жолғы шараның ерекшелігі – тұрғындар қор мамандарынан бөлек, жұмыспен қамту орталығы, Әлеуметтік төлемдерді веомствоаралық есептеу орталығы дирекциясы департаменті, “Қазпошта” және облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және көші қон комитеті департаментінің өкілдерінен көкейіндегі сұрақтарға жауап алуына болады.

Тұрғындармен кездесу барысында көп қойылған сұрақтың бірі қызметкердің зейнетақы қорына жарналарының мерзімінде түспеуі.

“Зейнетақы қорына түсетін жарналар қызметкердің еңбек өтілі болып есептелінеді. Сондықтан да он ай бір жыл жинақталып қалған аударымдарды бір сомамен жіберуге болмайды ай сайын бөліп аударылуы тиіс”, – дейді мамандар.

Ашық есік күніне қатысқан Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон департаментінің өкілі егер де жұмысберуші жарналарды мерзімінде аудармаса, онда қызметкер еңбек инспекциясы мен сотқа арыздануына құқы бар.

Шынар Оразова