«Жоғалды» делінген балалар ата-аналарымен қауышты

99

Кешеден бері Арыстағы жойқын жарылыс кезінде жоғалған балалардың суреттері мен бейнелері әлеуметтік желілерде таралып кеткені белгілі. Бұл жайттар бойынша Түркістан облысы Полиция департаменті ресми түрде мәлімдейді, эвакуация кезінде ешқандай жоғалған бала саны туралы ақпарат қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне келіп түспеген.

«Жоғалды»- деп желіде таралып жатқан бейнелер, эвакуация кезінде қауіпсіз аймаққа жеткізілуі үшін көліктерге мінгізілген балалар. Олар кешкі уақытқа дейін ата-аналарымен қайта қауышты. Сондықтан жалған мәлімет таратудан сақ болыңыздар!

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі