«Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде

261

Бүгін Түркістан облысында полицейлердің ұйымдастыруымен республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтуде. Бұл акция ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тікелей тапсырмасымен іске асырылуда.

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарға заң тұрғысынан көмек беру, азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру және полицияның ашықтығы мен айқындылығын көрсету. Осы мақсатта Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды қабылдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Акцияның бірінші күнінде тәртіп сақшылары түске дейін облыс бойынша 700-ге жуық азаматты қабылдады. Сондай-ақ, аталған акцияның құптарлық шараның бірі екендігін бір ауыздан қолдаған қатысушылар өздеріне берілген жауаптарға қанағаттанып, ризашылықтарын білдірді.

 

Жанар Есенбекова