Өгей қыздарын қорлап келген жетісайлық ана сотталды

283

Өгей қыздарын азаптап келген әйел сотталды. Дәлірегі, Жетісайдағы 3 қызға өгейлік көрсетіп, қинап келген 28 жастағы келіншекті Түркістан облыстық соты кінәлі деп тапты. Күллі жұрттың жағасын ұстатып, дүйімді дүр сілкіндерген жағдай мен сотттың үкімі туралы баяндап өтсек…

Жетісай… «Қорғансыздың» күні… Өгей шешелерінен қорлық көрген үрімдей үш қыз. Бұл оқиға биыл сәуір айында әшкере болған-ды. Алғаш жан түршігерлік жазаны мұғалімдердің бірі байқап, шұғыл ауруханаға жеткізген. Қатты психологиялық қысымға ұшыраған қыздар үрейдан арыла алмай, көрген қорлығын ашып айтуға да қорыққан.

Өгей шешелері қыздарды құл сияқты ұстаған. Оларды жәбірлеуге қысқыш, оқтау, ине қолданған. Ал шәйлеріне ыдыс жуатын гель қосып берген. Аяқтарын ыстық суға малған. «Әкелерің келгенде күліп тұрыңдар» деген қатаң тапсырмасы да болыпты. Қатыгез әйелдің қыздарға қолданған жазасын “киіз кітабына” жазып та жүріпті.

Мұндай азапқа қыздар «әкеміз тағы да ауырып қалмаса екен» деген ниетпен төзіп жүген. Қыздардың анасымен ажырасқанда инсульт алып, қатты ауырғанын білетін қыздар әкелерінің қиналғанын көргісі келмеген. Ал әкесі бауыр еті балдарының мұндай түрмедегідей режимге төзім-баққанынан бейхабар екенін алға тартты.

Өгей ана сотта тағылған айыпты мойындады. Сонымен, 28 жастағы әйелге 2003, 2005 және 2007 жылы туылған қыздарды қорлады деген айып тағылып, сот үкімі оқылды. Түркістан облыстық соты өрімдей қыздарға өгейлік танытқан күдіктіні кінәлі деп тапты,

Енді 4,5 жылға түрмеге тоғытылған әйел, абақтыдан шыққанша екі жасар ұлын күйеуі тәрбиелейді. Ал қырқынан да шықпаған сәбидің тағдырын арнайы органдар шешпек.

Мөлдір Бекеева