Өткен тәулікте Шымкент қаласының аумағында екі телефон ұрлығы орын алып, екеуі де Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ізін суытпай ашылды.
Шымкент қаласының бір көшесі бойында тұрған автокөліктен құны 80 000 теңге тұратын смартфон ұрланған. Екінші жағдайда сұлулық салонынан құны ұқсас смартфон ұрланған.
Қылмыстық іздестіру жүргізген жедел уәкілдердің кәсібилігінің арқасында телефондар табылып, иелеріне қайтарылды. Қазіргі таңда екі жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен «Ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.