Малға сырға қажет болса…

1332

Шымкентте ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ғ. Құрманбайдың төрағалығымен Басқарма қызметкерлері, «Бірыңғай консолидацияланған орталығы» ЖШС-нің өкілі А. Аванов және қала аумағындағы шаруа қожалық иелерінің қатысуымен «Ветеринариялық қызмет» МКК-да ауыл шаруашылығы жануарларына арналған құлақ жапсырмалары жөнінде жиналыс өтті.
Жиналыс барысында А. Аванов арнайы тапсырыспен құлақ жапсырмаларын (сырға) ақылы түрде жасауға мүмкіндігі бар екенін хабарлады.
Осыған байланысты, қала тұрғындарының назарына!
Сізге ауыл шаруашылығы жануарларына арналған құлақ жапсырмалары (сырға) қажет болған жағдайда, олар бойынша ақпаратты төменде көрсетілген байланыс нөмірлерге хабарласып, біле аласыздар.

Байланыс нөмірлері: 45-05-22, 45-05-18

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы