Елімізде нан бағасы қымбаттамайды

97
фото referatikz.ru

Ауыл шаруашылығы министрі журналистермен өткен брифингте осындай мәлімдеме жасады. Нанның бағасын ұстап тұру мақсатында «Азық-түлік корпорациясы» нан пісіруші комбинаттарға арзандатылған бағамен бидай сатады.

Ал бидай биылғы қуаңшылықтың кесірінен өткен жылдарға қарағанда 1-1,5 миллион тоннаға кем жиналады. Десе де, мұның өзі де нан бағасының қымбаттауына әсер етпейді. «Ішкі нарыққа келетін зиян жоқ», деп сендіреді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Сапархан Омаров, Ауыл шаруашылығы министрі: «Бұл кем жиналған ішкі нарыққа қатты әсер етпейді. Егер 19 миллион астық жинайтын болсақ, 9 миллионы ішкі нарыққа, 7-8 миллионын экспорттаймыз. Ар жағында 2 миллионы қалады. Одан бөлек былтырдан қалған 1,5 миллион тонна астық бар. Сонымен ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге астық жетеді».

Меруерт Ахан