Баспананың бағасы қымбаттайды ма?

26
фото Ашық дереккөз

Жаңа жылда баспана қымбаттайды ма? Мамандар үй бағасына түрлі фактор әсер ететінін айтады. Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков оған инфляция, құрылыс материалдарының құны тікелей әсер етеді, ал мемлекеттік бағдарламалар аса ықпал ете алмайды деген пікір білдіруде.

2024 жылғы бағаға, ең алдымен, құрылыс материалдары бағасының өзгеруі және жұмысты өндіруге байланысты шығындарға тікелей әсер ететін инфляция деңгейі ықпал етеді. Бағдарлама (9-20-25  ипотекалық  бағдарламасы ) нақты шектеулер мен қаржыландыру көлемі көп емес болуына байланысты нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне айтарлықтай әсер етпейді, – деді Микрюков.

Ал сарапшы Майра Момбаеваның айтуынша қаңтардан бастап ипотеканың пайызы өседі деп күтілуде. Әсіресе, бастапқы нарықтағы үй қымбаттауы мүмкін, деп болжады сарапшы.